050004, Республика Казахстан 
г. Алматы, ул. Наурызбай батыра, 9
Call center: +7 (727) 347 00 29
Phone:  +7 (777) 396 22 00
Phone:  +7 (777) 396 20 20
E-mail: info@kazatiso.edu.kz

Тәуелсіздіктің жеті қыры атты ашық дәріс сабағы

21.11.2020 ж. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздіктің жеті қыры” – атты ашық дәріс өткізілді.
Дәріс жүргізуші: т.ғ.к., әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті Шокенов Болатбек Слямбекұлы.
Бұл дәріс, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Тұңғыш Президент күніне байланысты Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр.  Президентіміздің тәуелсіздік үшін атқарған жұмыстары мен халықаралық аренадағы беделіміздің көтерілуі үшін жасаған еңбегінің құндылығы жайлы баяндалады. Ашық сабақ студенттерге «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклының «Ұйымдасқан ұтады» атты деректі фильмді көрсетуден басталды. 
Сабақтың мақсаты – Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік саяси қызметін сондай-ақ, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін атқарған қызметін болашақ жас ұрпаққа түсіндіру және білім алушыларға жекізу, олардың Отанына деген сүйіспеншілігін ояту, Ұлт көшбасшысының беделі мен саяси аренадағы қызыметін жан-жақты ашып  көрсету.

     

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK